Ms powerpoint дегеніміз не
Сабақ тақырыбы: Microsoft Power Point туралы негізгі түсінік.
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ағылшын, физика, сурет, сызу.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі- илюстративті әдіс
Білімділік: Power Point программасы туралы оқушыларға жалпы ақпарат беру. Терезе элементтерімен таныстыру. Негізгі функциялары көрсету. Тақырып бойынша теорияда алған білімдерін, тәжірірибеде қолдана білуге үйрету
Дамытушылық: Power Point программасының мүмкіншіліктерін оқыта отырып, о қушылардың білімдерін дамыту, танымдық қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін дұрыс сақтай білуге үйрету, адамгершілікке, тазалыққа, жауапкершілікке, жан-жақтылыққа, шыншылдыққа, тәрбиелеу
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ
А. Көрнекті құралдар: Суреттер, проектор, компьютер, эл.оқулық т.б
Б. Негізгі әдебиет; Г.Ә. Жапарова Информатика негіздері, Экономика, трек-конспект, т.б
Сабақты жүргізу кезеңдері
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, тізім бойынша түгендеу, техника қауіпсіздік ережелерін естеріне сала отырып, жаңа тақырыпен таныстыру, олардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (сұрақ-жауап әдісі)
1. Мәліметтер қоры дегеніміз не?
2. Microsoft Access мәліметтер қоры ?
3. Microsoft Access объектілері және қызметі?
4. Макростар дегеніміз не?
5. Сұраныс (таңдауға) дегеніміз не?
6. Гиперсілтеме дегеніміз не?
7. Кілт (ключ) немесе түйін дегеніміз не?
8. Форманың конструкторы не үшін қажет?
III. Жаңа тақырыпты баяндау (түсіндірмелі-илюстративті)
Рower Point графикалық редакторы
Іске қосу (Пуск) батырмасын шерткеннен кейін ашылатын бас менюдің Программалар-Microsoft PowerPoint қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.
PowerPoint программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады.
Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны автоматты түрде жасалады.
Үлгімен өңдеу (Шаблон оформления) ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрын безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді.
Бос презентация (Пустую презентацию) ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза, бос презентация құруға мүмкіндігін береді.
Презентация ашу (Открыть презентацию) ауыстырғышы бұрын құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұхбат терезе пайда болады.
Автомазмұн шебері мынандай сұрақтарға жауап беруді талап етеді:
Презентацияның түрі, яғни жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз.
Презентацияның көрсету тәсілдері.
Презентацияның шығару материалының форматы,
Қосымша мәліметтер презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз.
PowerPoint програмасында презентация құру әрекетін авмазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. Алдын ала сақталып қойылған безендіру элементтері басқа шаблон түріне алмастыруға болады. PowerPoint программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталып қойылады.
PowerPoint программасының басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:
Слайдтар режимі - презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге өте ыңғайлы.
Құрылымдық режим - презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді.
Слайдтарды сұрыптау режимінде -презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп,терезеде орналасады.
Слайдтарды көрсету режимінде -дайындалған презентация бірінен кейін бірі экранда көріне бастайды.
Бетке ескертпе жазу режимі -презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған.
Microsoft Power Point программасын іске қосу.
Презентация, PowerPoint программасындағы слайдтар жиынтығы, олар компьютер экранында бір тәртіппен бейнеленеді. Power Point-MS Office- тің құрамындағы программа, сондықтан оның құралдары басқаларымен де байланысады: MS Word, MS Exel т.б.Слайдтарды әр түрлі жолмен қолдануға болады: қағазға басып шығаруға және проектор арқылы пленкаға шығарып немесе 35мм-лік мөлдір қабыршықтарға айналдыру.
Электрондық слайдтардың қолайлығы : олар әртүрлі визуалдық және дыбыс эффектілерін кіргізе алады, мысалы, анимация немесе дыбыстық эффектілер бейнесі. Фильм – слайдына арнайы форматты құжаттар ретінде қарау қажет. Word форматындағы текстер құрамында бейнеклиптер, дыбыстық жазбалар бар.
Слайд- фильм не екенін жақсы білу үшін, оның жаттығу нұсқасын бірнеше секунд ішінде мастер (шебер ) көмегімен құруға болады.
Power Point іске қосқаннан кейін, оны жалғастырудың үш жолы берілген.
Автомазмұн шебері
ü Шебердің бірінші қадамы жарнамалық болады және екіншісіне көшуге болады.
ü Презентация тақырыбын таңдаймыз. Қандай тақырып таңдау керек? Ең жақсы келетін тақырып- жарнамалық компания. Жарнамалық презентациямен семинарда, жиналыстарда шығуға болады. Мысалы « Деловые » батырмасын басып «Рекламный буклет» таңдаймыз.
ü Презентацияны көрсету амалын қараймыз.
ü Экранда бейнелеу тәсілін қарастырады.
ü Мәтіндік мәліметтерді енгізу қажет: презентация тақырыбын, қолданушы атын, мекеме атын.
ü Соңғы қадам дайын ( Готово).
Экранның төменгі сол жағында слайдтар режимі (режим слайдов) атты батырмалар тізімі бар. Осы батырмалар арқылы презентацияны бірнеше түрде көруге болады (жоғарыда айтылды).
2. Бос презентация .
Power Point жұмысының басында сұхбат терезесінде «бос презентация құру » нұсқасын таңдауға болады. Жаңа презентацияда бірде бір слайд болмайды. Слайд қосу үшін автоматты түрде терезе ашылады.
Слайдтарды белгілеу батырмасы ағымдағы слайдтың автобелгісін тез арада өзгертуге мүмкіндік береді. Жаңа слайдтардың барлық элементтерінде көмек енгізілген: оларды пайдалы мәтінмен ауыстыру қажет, сонда олар жоғалып кетеді. Бірақ оны өшіруге талпынба, ол мүмкін емес. Жаңа слайд құру үшін Вставка- Создать слайд команда немесе Стандартты саймандар тақтасындағы слайд құру (Создать слайд ) батырмасы қолданылады. Немесе: Вставка- Дублировать слайд таңдап белгіленген слайдтың көшірмесін алуға болады. Жаңа слайд ағымдағы слайдтан кейін орналасады. Слайд құру батырмасы- Power Point-тің басты құралы. Керек болған жағдайда слайдты өшіруге болады. Ол үшін Түзету (Правка) мәзіріндегі өшіру (Удалить слайд) команданы орындау қажет.
Слайд үлгісі. Фон таңдау.
Бірдей слайдтарға безендіруді анықтау үшін, слайд үлгісін қолдану керек. Мысалы: фондық сурет екі тіктөртбұрышты фрагмент берілген. Бұл фильмнің слайдтары осындай фонда берілген. Егер фонды өзгерту керек болса, онда слайдтың үлгісімен жұмыс істеу қажет.
Слайд үлгісіне кіру жолы: Түр(Вид) –Үлгі (Образец) –Слайд үлгісі (Образец слайда).
Фонды таңдау үшін мына команда орындалады: Формат –Фон ашылған терезеде Применить ко всем батырмасы бар. Бұл бірдей фон құрады.
3. Презентация шаблоны.
Слайд – фильмді құруда уақытты қысқартудың бір түрі –шаблон қолдану. Жұмыс процессінде арнайы батырманы қолданған жөн.
2 Бұл батырма бар презентацияның шаблонын таңдау немесе өзгерту үшін қолданылады.
Шаблон – бұл РОТ файлының типі. Егер MS Office комплекті С: дискісінде орнатылса, онда шаблон бумасына жол мынандай:
С:\ Program Files \ Microsoft Office\ Шаблоны\ Презентации
Шаблон таңдау кезінде алдымен слайдтың сыртқы түріне көңіл аудару керек. Шаблон – бұл дизайнерлік шешім, слайд- фильмнің дайын нұсқасы емес. Сондықтан шаблонды автомазмұн көмегімен құрылған презентациямен шатастырмау керек. Мастер бірнеше дайын слайдтарды құрады, ал шаблонды слайды жоқ жаңа файлдарда қолдануға болады.
Слайдтар мәтінімен операциялар .
Әрбір слайдтың мәтіндік элементі өз алдына объект болады, сондықтан қолданушы оның лайық қасиеттерін таңдау арқылы өзгертеді. Ең қарапайым операция – обьектіні жаңа орынға ауыстыру. Объектің өлшемін өзгерту маркер көмегімен жүргізіледі. Мәтіндік редакторда мұндай обьектілердің аналогы болып жазбалар табылады. Power Point слайдтарында жазбалар мәтіндерді орналастырудың негізгі контейнері болып табылады.
Жазбалар ішіндегі мәтін MS Office программаларындағы басқадай әдістермен форматталуы мүмкін.
Сондай-ақ стандарттық веб-парақ құруда қолданылатын графикалық файлдарды табуға болады. Бұл бума жолы мынандай: C:\ Program Files\ Microsoft Office\ ClipArt .
Авторазметка слайдтарда диаграмма, кесте сияқты қиын обьектілерді құруға мүмкіндік береді. Диаграммаларды жетілдіру үшін стандарттық программа MS Graph пайдаланады. Слайдта таблицаларды да авторазметка арқылы құрады.
Демонстрация кезіндегі дыбыстық және визуалдық обьектілер.
Қалауымызша слайдқа дыбыстық және бейне ролик сілтеме қосу керек. Слайдта арнайы белгілер пайда болады. Дыбысты енгізу үшін, Енгізу-Кино және дыбыстар меню командасының қажетті ішкі командасының бірін орындаймыз, егер дыбыс слайдтар шықаннан кейін болсын десек, мына команданы орындау керек: Слайдтарды көрсету-Анимацияны қосу, ашылған терезенің Уақыт ішкі бетіне көшеміз де, Анимациясы жоқ обьектілер белгілейміз. Оны Моя презентация деп белгілеп Қосуды таңдаймыз. Керегімізше автоматты түрде көрсетуді таңдауға болады және уақытша интервалды көрсетуге болады. Осындай принцип бойынша бейне файлдардың демонстрациясы қосылады, бірақ слайд элементтеріне өздерінің анимациялық эффектері орнатылуы мүмкін. Осы үшін арнайы құралдар панелі бар. Соның көмегімен мәтінді “тірілтуге”, аттар , суреттері, диаграммаларын қояды. Анимациялық эффектті қосуға біріншіден-эффектті таңдаудан, екіншіден- жаңғырту режимін сұрыптаудан тұрады.
Егер слайд –фильмді демонстрациялауды оператор атқарса, онда ол эффекттердің тізбектеліп көрсетілуін және слайдтардың ауысу уақытын білу қажет, бұл өте ыңғайсыз. Бірақ слайд фильмді автоматты режимде де көрсетуге болады. Ол үшін уақытты көрсету керек. Хронометраждың екінші нұсқасы арнайы команда терезесі Слайдтарды көрсету-Уақытты қосу және слайдтарды қайта көру терезе ашылғанда болады. Бұл терезе өзіндік секундомер болып табылады. Бағыты бар батырманы басқан уақытта слайдтың керек демонстрациясы немес бір эффектісінің уақыты белгіленеді. Осы тәртіппен слайд-фильмнің аяғына дейін жету керек. Содан кейін жай слайд демонстрациясын жіберіп, қаншалықты дұрыс екендігін қарау керек.
Тақырыбы: Power Point 2013 туралы негізгі түсінік.
Мамандық: . Мейірбике ісі
Курс: 1 курс
ЦӘК төрайымы ______
Әдістемелік нұсқа жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған: Калкеева Б.Н. Кумекова Г.К.
Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы
Тақырыбы: Power Point 2013 туралы негізгі түсінік.
а) білімділік: PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.
— PowerPoint-ң сыртқы көрінісі.
— Оқушының танымдық белсенділігін арттыру.
ә) дамытушылық: — Оқушының ойын дамыту, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, информатикалық тіл байлығын жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.
— Оқушыларды шығармашылыққа баулу, шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.
б) тәрбиелік: — Компьютермен жұмыс істеу мәдениеттілігін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
— Қоршаған әлемдегі ақпараттарды біліммен ұштастыру, өз бетінше білім алуға, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға әдеттендіру.
— Оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы
Сабақтың уақыты: 90 минут
Сабақты өткізу орны: Компьютер кабинеті
Пәнішілік байланыс: MS Office
Пәнаралық байланыс: Математика шет тілі, бейнелеу.
Сабақтың жабдықталуы: Компьютер, проектор
В.П. Гельман «Медицинкая информатика»
Оқушы білуі тиіс:
Power Poınt бағдарламасы туралы түсінік.
Power Poınt құжаттарының құрылымы.
Үлгітүр негізінде презентация жасау.
Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы
І Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин
ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 40 мин
ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 15 мин
Ү Қорытындылау – 5 мин
ҮІ Үйге тапсырма –5 мин
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Студенттерді түгендеу. Сырт киімдерін киіуін қадағалау (Халат, калпк киіуін). Сабаққа дайындығы тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен таныстыру.Компьютердің қауіпсіздік ережелерін сақталуын қадағалап, оқушыларды компьютерге отырғызу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Ақпараттық диктант
Access бағдарламасының экран көрінісінде – тақырып жолы, мәзір қатары, саймандар панелі, жаңа қор не, сақталған қорды ашу, қалып күй қатары бар. Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) – мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы.
Мәліметтер қоры (МҚ) дегеніміз – ол бір-бірімен байланысқан әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бір жерге жинақтап сақтау. Microsoft Access қолданбалы программалық жасақтамаға жатады. Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасынның негізгі объектілері ол кесте. Форманы көрсету режимдері: конструктор режимі, форма режимі, кесте режимі. Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады.
«Сабақтың логикалық-құрылымдық кестесі:
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 40 мин
PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.
PowerPoint терезесінің құрылымы.
Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.
Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.
PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.
Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама жасағанда және т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді. PowerPoint-тың негізгі міндеті — ақпаратты қабылдау және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.
Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Слайдтар әр түрлі қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады. Презентация жасау процесі өте күрделі. Себебі онда қолданылатын пакеттің мүмкіндіктері, презентация құруға бағытталған объективтік факторлар мен аудиторияның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескерілетін субъективтік факторларға ерекше көңіл бөлген жөн.
PowerPoint терезесінің құрылымы.
PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін Бастау- Бағдарламалар — Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз. Microsoft PowerPoint терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:
Тақырып жолағы- құжаттың аты және басқару батырмалары орналасады.
Мәзір жолағы- басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Слайдты көрсету» әмірі орналасқан.
Стандартты құралдар және Пішімдеу үстелі бұның басқа бағдаламалардан өзешелігі мұнда «Жасақтама» және «Жаңа слайд» әмірлерімен ерекшеленеді.
Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлер тобын қамтиды. Бұл суреттер салуға, эмблема жасауға мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.
Қалып күй жолы- құжат ақпаратын қамтиды, беттер санын көрсетеді.
Жұмыс аймағы- слайдтар жасауға, мәтін, сурет, диаграмма, клип, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ. 6- слайд
Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
PowerPoint-тың жаңа бағдарламасында өзгешеліктер:
Тақырып жолағында «Office» батырмасы орналасқан. Ол құжатты ашу, жаңа құжат құру, баспаға шығару, дайындау, жариялау, жіберу, сақтау командаларын орындайды. Бұл бағдарламаның мүмкіншіліктері өте зор. Мұнда «Жіберу» командасын алатын болсақ, автоматты түрде «Электрондық почтаға» немесе «Интернетке» автоматты түрде жіберуге болады. «Жариялау» командасы арқылы кез-келген бағдарламаға презентация автоматты түрде ауыстырылады. Және де бұл бағдарламада сақтаған кезде ескі компьютерде ашылу үшін 97-2003 форматын таңдау қажет.
Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.
Microsoft PowerPoint терезесін ашқаннан кейін тапсырмалар аймағында жаңа көрмені жасау үшін бірнеше нұсқалар ұсынылады:
Жаңа презентация (Новая прзентация)
Слайд жасақтамасы (Шаблон презентации)
Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания)
Автомазмұн шебері көмегімен:
Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;
Қызмет бабы бойынша баяндамалар;
Сауда-саттық және маркетинг жөнінде есеп –қисаптар;
Жеке хабарламалар; т.б. тақырыптарда алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен өзіңе қажетті презентацияны таңдап құруға болады.
1-ші қадамда: Презентацияның түрін, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз. Келесі қадамға өту үшін тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай батырмасын шертеміз.
2-ші қадамда: Презентацияны көрсету тәсілдерін таңдаймыз.
3-ші қадамда: Презентацияның тақырыбын жазамыз. Сонан кейін Дайын батырмасын басамыз. Дайын болған презентацияны өз қажетімізге қарай өзгерте аламыз.
Жаңа презентация құру қажет болса Пішімдеу құралдар үстеліндегі «Жаңа слайд» әмірін басу қажет. Бұл жерде слайдтар белгіленуінің 27 түрі бар. Мұнда әтін, кесте, диаграмма, графикалық объектілер, дыбыс орналасу схемасы көрсетілген. Осының ішінен өзіңізге қажеттісін таңдап ала аласыз.
Слайд жасақтамасы мен жұмыс жасау үшін тапсырмалар аймағы үстелінде- Слайд жасақтамасы қосымшасын таңдап, барлық безендіру қалпын қолданып көруге болады.
Түстер сұлабасын қолдану үшін тапсырмалар аймағы үстелінде- Түстер сұлабасы қосымшасын таңдаймыз. Осыдан кейін барлық қол жетерлік түстер сұлабаларын қолданып көруге болады. Сондай-ақ фондық түсті өз қалауыңызша өзгертуіңізге болады. Ол үшін Формат-Фон командасын орындаймыз.Осы терезеден түстің қанықтылығын және өрнек немесе текстура ішкі беттерінде слайдтағы фонның түрлерін әртүрлі етіп өзгертуге болады. Түс қанығуы өзгерісінің арнайы градиентті құю деп аталатын түрін қолдана отырып, өте әдемі дизайндарды дайындауға болады. Өз қалауыңызша кез-келген түстерді таңдап ОК батырмасын одан кейін Қолдану батырмасын шертеміз.
PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимі.
PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимінің 3 түрі бар:
Қарапайым режим (әр слайдты жеке-жеке көрсетеді)
Сұрыптау режимі (презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп орналасады)
Слайдтарды көрсету режимі (слайдтарды экранда бірінен кейін бірін көрсетеді)
Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысудың бірнеше түрі бар. Сұрыптау режимі арқылы Слайдты өзгерту (Смена слайдов) қосымшасын таңдап кез-келген слайдты белгілеп көруіңізге болады.
Слайдтарды безендіру.
Слайдтарды безендіруде көрмені тартымды етуде суреттердің маңызы зор. Суреттер әр түрлі болады. Біреулері қолдан салынған, енді біреуі-мәтіналғы арқылы фотосуреттен көшірілген. Дайын суретті крістіру үшін «Кірістіру» (Вставка)- «Сурет» (Рисунок) командасын орындаймыз. PowerPoint бағдарламасында суреттерді алмасу буферін қолдана отырып, басқа бағдарламадағы сууреттерді пайдалануға болады. Мысалы, Word бағдарламасында суреттер сақталған құжатты ашып, қажетті суретті белгілеп, Көшіру немесе Қою командасын қолданып презентацияға әкеліп қоямыз. Осы жерден тышқанмен жан-жағынан тартып, өз қалауыңызша өлшемін өзгерте аласыз. Сурет салу құралдар үстелі арқылы слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын кіргізуге болады. WordArt нысанын кірістіргеннен кейін жазбаның сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Пайда болған терезеде Түстер мен сызықтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау арқылы өзгертуге болады.
Анимация қосу.
PowerPoint бағдарламасында әр түрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диаграммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.
Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу үшін Слайдты көрсету- Анимация қосу (Показ слайда- Настройка анимации) командасын орындаймыз. Анимация қосу тақтасы экранның оң жағында тапсырмалар аймағы үстелінде ашылады. Слайд элементтерінің пайда болу ретін өзгерту үшін Анимацияны баптау (Настройка анимции) тақтасының астында орналасқан Анимация реті (Порядок) командасы арқылы жүзеге асыруға болады. Ретін өзгерту үшін тышқан батырмасымен элементтер орнын ауыстыруға болады. Көру батырмасын басу арқылы эффектілерді қадағалай аламыз. Уақыт астарлы беті элементтің пайда болу уақыттын көрсетеді. Анимациялар реті өрісінде қажетті элементті таңдап алып, шерту арқылы немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болу керектігін белгілей аламыз.
Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.
PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы қол шапалақтау т.с.с.) Анимацияны баптау саймандар тақтасынан іске қосылады. Презентацияға әуен (музыка) қою үшін Вставка –Фильмы и звук – Звук из файла командасын орындап, өзіңізге қажетті әуенді таңдап ОК батырмасын басамыз.
Слайдтарда дыбыстық сүйемелдеулерді жазу үшін, компьютерде дыбыстық карта мен микрофон орнатылуы қажет. Дыбысты жазу үшін Слайдты көрсету-Дыбыстық жазба (Показ слайдов- Звукозапись) командасын орындаймыз. Дискіде қанша орын бос орын барын және неше минут жазуға болатынын көрсететін сұхбат терезесі ашылады. ОК батырмасын шертеміз.
ІҮ. Білім алушылардың өзіндік жұмысы
Білімгерлер өз еркімен «Медицинаның адамға тигізетін пайдасы» атты презентация құру.
ҮІ. Бекіту Тест тапсырмалары:
I-нұсқа
1.PowerPoint бағдарламасы не үшін қажет?
A)Формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін арттыру
B)Ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін арттыруға арналған көрмелерді жасау
C)Сызбалық нысандары бар мәтіндік құжат жасау
D)Қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен Интернет беттерін жасау
E)Фильмдер дайындауға арналған бағдарлама
2. PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?
A) Бастау – Бас мәзір – Іздеу – Microsoft PowerPoint
Жұмыс үстелі – Бас мәзір - Microsoft PowerPoint
C) Бастау –Бағдарламалар - Microsoft Office - Microsoft PowerPoint
D)Тапсырмалар үстелі - Microsoft PowerPoint
E) Жұмыс аймағы - Microsoft PowerPoint
3. PowerPoint бағдарламасына суретті кірістіру командасы
A)Пішім – Сурет – Суреттер (жинағы)
B)Кірістіру – Сурет – Суреттер (жинағы)
C)Пішім - Сурет – Файлдан
D)Кірістіру – Нысан
E)Түзету – Нысан
4. PowerPoint дегеніміз не?
A)Көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы
B)Кодтық кестелерді өңдеуге арналған бағдарлама
C)Кестелік нысандарды пішімдейтін бағдарлама
D)Мәтін теруді ұйымдастыратын бағдарлама
E)Электрондық кестелерді әзірлейтін бағдарлама
5. Меню жолы элементтеріне жатпайтын элемент:
A)Файл
B)Түзету
C)Көрініс
D)Пішімдеу құралдар үстелі
E)Кесте
6. PowerPoint бағдарламасында жасалған файлдың кеңейтілуі:
A) .ехе
B).рpt
C).pdf
D).txt
E).doc
7. PowerPoint терезесінің негізгі элементтеріне жатпайтын элемент
A)Тақырып жолағы
B)Стандартты құралдар үстелі
C)Пішімдеу құралдар үстелі
D)Слайдтардың кішірейтілген үлгілері
E)Жұмыс үстелі
8. Файл – Сақтау әмірінің қызметі
A)Құжатты көшіру
B)Құжатты сақтау
C)Құжатты теру
D)Мәтінді пішімдеу
E)Мәтінді жою
9. PowerPoint терезедегі Х батырмасының қызметі:
A) жабу (Закрыть)
шығу (Выход)
C) сақтау (Сохранить)
D) уақытша жабу (Свернуть)
E) қалыпына келтіру (Восстановить)
10. Power Point бағдарламасында _ батырмасының қызметі:
A) жабу (Закрыть)
шығу (Выход)
C) сақтау (Сохранить)
D) уақытша жабу (Свернуть)
E) қалыпына келтіру (Восстановить)
1. PowerPoint бағдарламасының терезесінде стандартты құралдар үстелі .
A) PowerPoint әмірлерінің басым бөлігінен тұрады
B)Ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды
C) Құжат ақпаратын қамтиды
D) Сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған
E)Көрме слайдтары арасында оңай ауысып жүруге мүмкіндік береді
2. PowerPoint бағдарламасында қаріп өлшемін қай батырманың көмегімен
өзгертуге болады?
А)
В)
С)
Д)
Е)жауаптардың барлығы дұрыс
3. батырмасын шерту нені білдіреді?
А) Курсив қаріпті өзгертеді.
В) Мәтінді ортаға туралау
С) Ж әрпін енгізеді
Д) Жартылай қарайтылған қаріпті өзгертеді
Е)жауаптардың барлығы дұрыс
4. PowerPoint бағдарламасының қызметі:
A)Формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін арттыру
B)Ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін арттыруға арналған
көрмелерді жасау
C)Сызбалық нысандары бар мәтіндік құжат жасау
D)Қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен Интернет беттерін жасау
E)Фильмдер дайындауға арналған бағдарлама
5. Мына белгінің атқаратын қызметі
А) Объектінің көшірмесін буферге алу
В) Осы бумадан шығу
С) Объектіні қырқып алу
D) Буфердегі мәліметті қою
Е)жауаптардың барлығы дұрыс
6. Ең соңғы орындалған әрекет нәтижесін кері қайтарып болдырмай
тастау үшін мына батырманы шерту керек.
А)
В)
С)
D)
Е)жауаптардың барлығы дұрыс
7. «Алдын ала көру» режимін іске қосатын батырманы көрсетіңіз
А)
В)
С)
D)
Е)жауаптардың барлығы дұрыс
8. Microsoft Power Рoint іске қосу үшін мынадай әрекеттер тізбегін орындау қажет:
A)Пуск-Программы- Microsoft Power Рoint
B)Пуск-Программы- Microsoft Power point
C) Пуск-Стандартные- Microsoft Power point
D) Пуск-Стандартные- Программы- Microsoft Power point
E)Программы - Power point
9. Microsoft Power Рoint редакторының үстіңгі меню қатарында "Файл"
пунктіне кіретін командалар:
A)құру,ашу,жабу,сақтау
B)көшіру,енгізу,жою
C)шрифт,абзац,тізім
D)кестені енгізу,бағананы жою,ұяшықтарды біріктіру
E)символ,сурет
10. Power Point бұл:
A) Презентация жасауға арналған бағдарлама
B)Мәтіндік процессор
C)Графикалық редактор
D)Электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналған редактор
E)Жауаптардың барлығы дұрыс
I-нұсқа II - нұсқа
С Ж
1 B
2 C
3 B
4 A
5 D
6 B
7 E
8 B
9 A
10 D
С Ж
1 A
2 A
3 D
4 B
5 C
6 B
7 B
8 A
9 A
10 A
ҮІІ. Қорытындылау
а) Инсерт әдісі
Білемін , Білдім , Білгім келеді
«Кім көп смайлик жинады?» жиналған смайлик санына қарай бағаланады.
ІХ. Үйге тапсырма:
Компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал 92-93 бет
MS Power Point – көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың (бейне беттегі кескіндер) көрсетілімдік жиынтығы.
PowerPoint-тың негізгі міндеті – ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Көрме – бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. PowerPoint көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедиа пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді.
PowerPoint бағдарламасы мына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады: Бастау – Бас мәзір – Бағдарламалар – Microsoft PowerPoint.
10.2. PowerPoint терезесінің құрылымы
PowerPoint терезесінің құрылымы Windows қосымшалары терезелерінің дәстүрлі құрылымындай, үстелер мен әмірлердің негізгі міндеттерін қайталайды, бірақ жекелеген элементтерімен ерекшеленеді (10.1-сурет).
· Тақырып жолағы – құжат атауын және терезені басқару батырмаларын қамтиды.
· Стандартты құралдар үстелі – PowerPoint әмірлерінің басым бөлігінің батырмаларынан тұрады.
· Пішімдеу құралдар үстелі – пішімдеу әмірлеріне арналған батырмаларды қамтиды.
· Слайдтардың кішірейтілген үлгілері – көрме слайдтары арасында жылдам ауысып жүруге арналған.
· Жұмыс аймағы – слайдтарды жасауға, онда нысандарды – мәтінді, суреттерді, диаграммаларды, клиптарды, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ.
· Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
· Күй жолағы – құжат ақпаратын қамтиды.
· Сурет салу үстелі – сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.
PowerPoint-та қол жетерлік үстелдер жиынтығын WordArt, Сурет және басқа да үстелдермен толықтыруға болады. Бұл үшін мәзір жолағында Көрініс – Құралдар үстелі әмірін таңдаңыз. Ашылған үстелдер тізімінде қажетті үстел атауын шертсеңіз, сол мезетте ол бейне бетте пайда болады. Бірақ, есіңізде болсын, әрбір үстел жұмыс аймағында орын алып тұрады, сондықтан, жұмыс істеп болғаннан кейін үстелді қалай қоссаңыз, солай алып тастаңыз.
Көрмені сақтау үшін Файл мәзірінде немесе Стандартты құралдар үстелінде Сақтау әмірін таңдаңыз, ашылған Құжатты сақтау терезесінде Файл атауы өрісінде көрме атауын енгізіп, Сақтау батырмасын шертіңіз.
10.3. Көрмелер жасаудың тиімді тәсілдері.
Жасақтаманы және қалыптарды қолдану
PowerPoint-та тартымды, кәсіби түрде безендірілген көрмелерді аз күш жұмсап жасауға болады.
Microsoft PowerPoint-та көрме жасау барысы жалпы безендіруді таңдау, жаңа слайдтарды және олардың мазмұнын үстеу, слайдтарға шен салуды таңдау, қажет болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын өзгерту, түрлі безендіру қалыптарын және слайдтарды көрсету кезіндегі жан бітірім мен басқа да пәрмендерді қолдану сияқты әрекеттерден тұрады.
PowerPoint-та Жұмысқа кірісу (10.2-сурет)
тапсырмалар аймағы жаңа көрмені жасау үшін бірқатар нұсқаларды ұсынады:
– Көрмені жасау. Слайдтар безендіру элементтерінің ең аз санын қамтиды, оларға қатысты түстер қолданылмайды. Пайдаланушы слайдтарды өз қалауынша безендіреді.
– Ашу. Көрме бұрыннан бар безендірілген көрмеге негізделіп жасалады. Қолда бар көрменің бастапқы нұсқаның мазмұны мен безендірілуіне өзгерістер енгізе отырып, жаңа көрме жасауға мүмкіндік беретін көшірмесі жасалады.
– Безендіру қалыбынан. Көрме негізгі безендіру элементтерін, қаріптерді және түс сұлбасын қамтитын қолда бар Microsoft PowerPoint қалыбы негізінде жасалады.
Слайдтардың барлығы біркелкі мәнерде безендіру мақсатымен, слайдтарды безендіру амалдарын оңайлату үшін сондай-ақ Пішімдеу құралдар үстеліндегі Жасақтама батырмасын пайдалануға да болады.
Оны шерткен кезде тапсырмалар аймағында безендірудің кішірейтілген эскиздері болып табылатын Слайд жасақтамасы үстелі пайда болады (10.3-сурет).
Сізге қажетті безендіру қалыбын бір шерту арқылы таңдай аласыз.
Қалып барлық слайдтар үшін мына элементтерді белгілейді:
· өң түсін;
· байрақшалар мен нөмірлер мәнерін;
· тақырыптың түсі мен өлшемін;
· негізгі мәтіннің түсі мен өлшемін;
· еренсілтеме түсін;
· өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және т.б. түріндегі безендіру элементтерін.
Және бірінші слайд басқаларынан ерекшеленіп тұрады – ол мұқаба слайд емес пе!
Слайдты безендіру үшін сондай-ақ дайын түстер сұлбаларын қолдануға да болады. Түс сұлбасы слайдты безендіру кезінде өң, мәтін немесе жекелеген жолдар, көлеңкелер, тақырып мәтіні, бояулар, акценттер және еренсілтемелер үшін қолданылатын сегіз тармақтан тұрады (10.4-сурет).
Слайдтың түстік сұлбасын қарап алу үшін оны бөлектеп алыңыз да, содан кейін бейне бетте Слайд жасақтамасы – Түстер сұлбалары тапсырмалар аймағын көрсетіңіз. Ағымдық слайдтың түстік сұлбасы тапсырмалар аймағында бөлектеніп көрініс табады.
Безендіру қалыбы әдепкіде белгіленген түстер сұлбаларын, сондай-ақ осы қалып үшін арнайы іріктеліп алынған қосымша түстер сұлбаларын қамтиды. Әдепкіде орнатылған «бос» қалыпта да түстер сұлбалары бар.
Көрмеге жаңа слайдты кірістіру үшін Жаңа слайд батырмасын басу, немесе Кірістіру мәзіріндегі Жаңа слайд әмірін таңдап, слайдтың орналасуын белгілеу керек.
Егер сіз барлық слайдтарда емес, тек кейбіреулерінің өңін ауыстырғыңыз келсе, мәзір жолағының Пішім тармағында Өң әмірін таңдап, ашылған сұхбат терезесінде қажетті параметрлерді белгілеп, Қолдану батырмасын басу керек.
10.4. Слайдтарды безендіру
Слайдтарды безендіру кезінде мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстар сияқты түрлі нысандарды қолдануға болады.
Сызбалық нысандарды кірістіру, сондай-ақ оларға қатысты түрлі әмірлерді орындау үшін Сурет салу құралдар үстелі қолданылады (10.6-сурет).
Сурет салу құралдар үстелі слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын, суреттерді кірістіруге мүмкіндік береді.
Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Мәтін жолағы батырмасын басып, содан кейін слайдтағы мәтін орналасатын тұсты шертіңіз. Ішінде жүгіргі бар жақтау пайда болады, мәтінді сол жақтау ішінде теру қажет. Сіз слайд ішінде бұндай жазбалардың нешеуін жасаймын десеңіз де еркіңізде, бірақ есіңізде болсын: қағаздан гөрі бейне беттегі мәтінді оқыған қиынырақ, сондықтан оны мұқият пішімдеп алу керек.
Пішімдеуді орындау үшін мәтіннің айналасындағы жақтауды шертіп (жүгіргі жоғалып кетеді, ал бөлектеу қалады), Пішімдеу құралдар үстелі әмірлерінің көмегімен мына әрекеттерді орындау қажет:
- недәуір ірірек өлшемді таңдау (Қаріп өлшемі батырмасы);
- ежелерге бөлу (әр жолдың аяғында пернесін басу);
- ежелерге қатысты нөмірлеуді немесе байрақшаларды орнату (Нөмірлеу және Байрақшалар батырмалары);
- жақтау ішіндегі мәтінді сол жақ, оң жақ немесе ені бойынша туралау;
- қаріп түсін таңдау және т.б.
Қызыл ирек сызықпен асты сызылған сөзді қатесі бар-жоғына мәтінмәндік мәзір арқылы, сондай-ақ Құралдар – Емле ережесі әмірлерінің көмегімен тексеруге болады.
Слайдтың барлық дерлік нысандарына (сызықтардан басқа) мәтінді үстеуге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, тінтуірдің оң жақ батырмасымен мәтінмәндік мәзірді шақырып, Мәтінді үстеу әмірін таңдау керек.
PowerPoint слайдтарды безендіру кезінде дайын сызбалық нысандарды – Өзкескіндерді пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға сызықтар, геометриялық қарапайым кескіндер, көрсеткілер, блок-сұлба элементтері, жұлдызшалар, таспалар, тілше деректер және т.б. жатады.
Бұл элементтерді слайдқа кірістіру үшін Сурет салу құралдар үстеліндегі Өзкескіндер батырмасын басып, ашылған тізімде қажетті кескінді таңдап, слайдты шерту керек. Пайдаланушы сондай-ақ Сурет салу құралдар үстелінің көмегімен олардың көлемін, орналасуын, түсін, т.б. өзгерте алады.
Кескін сызықтарының түсін өзгерту үшін Сызық түсі , ал ішкі аумағының түсін өзгерту үшін Бояу түсі батырмалары қолданылады.
Көлем батырмасы кескінге үш өлшемдік мән үстейді. Сызықтың жуандығын өзгерту үшін Сызық мәнері батырмасы, ал егер тұтас сызықты үзік сызыққа ауыстыру қажет болса – Штрих мәнері батырмасы қолданылады.
Өз компьютеріңіздегі жинақтан сурет не фотосуретті кірістіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз. Сондай-ақ, Кірістіру мәзірінің – Сурет – Файлдан әмірлерін де қолдануға болады.
2. Қажетті суретті қамтитын қалтаны көрсетіп, сурет файлын бөлектеп алыңыз.
Кірістіру әмірін орындаңыз. Осы құралдар үстелінің көмегімен жаңа суретті кірістіруге, суретті ақ-қара түсті етуге, суреттің жарықтылығы мен контрастын өзгертуге, суреттер шеттерін қиып, алып тастауға, оларды 90 градусқа бұруға, жақтау сызуға және т.б. әрекеттерді орындауға болады.
Дайын суретті кірістіру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз немесе Кірістіру мәзірінің – Сурет – Суреттер (жинағы) әмірлерін орындаңыз. Тапсырмалар аймағында суреттер жинағы пайда болып, таңдағаныңызды слайдқа бір шертіп кірістіруіңізге болады.
WordArt мәнеріндегі жазбаны да дәл осындай алгоритммен: Сурет салу құралдар үстеліндегі батырмасының көмегімен немесе Кірістіру мәзірінің – Сурет – WordArt нысаны әмірлерін орындау арқылы кірістіруге болады. Әдетте WordArt нысанын кірістіргенде (немесе нысанды бөлектеген кезде) жазбаның сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Мысалы, WordArt нысаны түсін WordArt пішімі терезесін шақырып, пайда болған терезеде Түстер мен сызықтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау арқылы өзгертуге болады.
PowerPoint көрмесі слайдына диаграмманы Кірістіру – Диаграмма әмірлерінің көмегімен кірістіруге болады.
Егер Сіздің слайдыңызда бірнеше нысан бар болса, олардың бір-біріне қатысты орналасуын өзгертуіңізге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, Сурет салу құралдар үстелінде Әрекеттер батырмасын басып, Рет әмірін, содан кейін қажетті параметрлерді таңдау керек.
Жан бітірімді баптау
PowerPoint көрмесі өзге бағдарламалар құжаттарынан мультимедиалық нысандарды – бейнеклиптерді, жан бітірілген суреттерді, дыбыстық үзінділерді және т.б. қолдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді.
тапсырмалар аймағының көмегімен көрмені көрсету кезінде слайдтағы қай элемент қай кезде және қалай шығуы керек екенін – мысалы, тінтуірді шерткен кезде сол жақ жиектің артынан ұшып шығуын таңдауға болады. Жан бітірім параметрлерінің көбісі өзіне сәйкес пәрмендер қатарын қамтиды. Мысалы, тақырып бірден емес, жеке-жеке әріптер түрінде пайда болады.
Бұл үшін Слайдтарды көрсету мәзірінің Жан бітірімді баптау әмірін таңдаңыз. Тапсырмалар аймағында түрлі жан бітірім пәрмендерінің сан алуан нұсқасын ұсынатын Өзгертпелі жан бітірім құралдар үстелі пайда болады.
Есіңізде болсын – жан бітірім пәрмені әрбір нысан үшін жеке-жеке бапталады, сондықтан алдымен нысанды бөлектеп алып, содан кейін Пәрменді үстеу батырмасын шерту керек. Қажет болса, пәрмен параметрлерін (басы, жол, жылдамдық) баптап алыңыз.
Көрмеге музыканы және басқа да дайын дыбыстық файлдарды үстеу үшін Кірістіру мәзірінде Фильмдер және дыбыстар тармағын таңдап, содан кейін мына әрекеттердің бірін орындаңыз:
· Файл дыбысы әмірін таңдап, осы файл сақталып тұрған қалтаны табыңыз да, қажетті файлды екі рет шертіңіз.
· Суреттер жинағының дыбысы әмірін таңдап, айналдыру сызығының көмегімен қажетті клипті тауып, оны слайдқа үстеу үшін шертіңіз.
Сұхбат терезесі пайда болған кезде мына әрекеттердің бірін орындаңыз:
Слайдты көрсету кезінде музыка немесе дыбыс өз бетімен ойнатылуы үшін Өзмәтіндік батырмасын басыңыз.
Музыка не дыбысты дыбыс белгішесін нұқу бойынша ойнату үшін Нұқу бойынша батырмасын басыңыз.
Көрмелерді көрсету
Көрмені көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін шешіп алу қажет: өз бетімен, слайдты нұқығанда, қандай да бір нысанды нұқығанда, дыбыстық сүйемелдеумен бе, жоқ па және т.б.
Слайдтар ауысымын дыбыспен сүйемелдеу үшін Слайдты көрсету мәзірінде Слайдтар өтуі әмірін таңдап, тапсырмалар аймағында пайда болған Слайдтар ауысуы үстелінде Дыбыс әмірінің қажетті параметрлерін баптау қажет. Осы үстелде Сіз сондай-ақ слайдтардың тінтуір нұқуымен немесе өздіктік ауысуын, слайдтар ауысуы жылдамдығын белгілеуіңізге болады.
Шындап келгенде, слайдтағы әрбір нысанды слайдтар ауысуын басқарушы батырмаға айналдыруға болады. Бұл үшін нысанды бөлектеп алып, мәтінмәндік мәзірді ашып, Әрекеттер баптаулары әмірін таңдап, қажетті параметрлерді баптау қажет.
Егер Сіз ағымдық слайдты көрсеткіңіз келсе, Слайдты көрсету (ағымдық слайдтан) батырмасын басыңыз. Ол кішірейтілген слайд белгішелері бар үстелдің төменгі жағында орналасқан.
Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағының Слайдты көрсету – Көрсетуді бастау әмірін таңдау немесе пернесін басу керек.
Слайдтар көрсетілімі режімін жабу үшін, яғни, слайдтарды көрсетуді тоқтату үшін пернесін басуға болады.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. MS PowerPoint қосымшасы қандай қызмет атқарады?
2. PowerPoint көрмесі деген не?
3. Көрме неден құралады?
4. Кәдімгі PowerPoint көрмесі қамтитын файлдың кеңейтімін көрсетіңіз.
5. PowerPoint бағдарламасы қалай іске қосылады?
6. PowerPoint көрмесіне жаңа слайдты қалай үстеуге болады?
7. PowerPoint көрмесін қалай сақтауға болады?
8. Слайдтардың жекелеген нысандары жан бітірімі қалай бапталады?
9. Слайдтағы мәтінді қандай құралдар үстелінің көмегімен өңдеуге болады?
10. Жасалған нысандарды қандай құралдар үстелінің көмегімен өңдеуге болады?
11. Кірістірілген суреттерді қандай құралдар үстелінің көмегімен өңдеуге болады?
12. Слайдтарды безендірудің дайын қалыбын қалай қолдануға болады?
13. PowerPoint бағдарламасы көрмесінің слайдына дайын дыбыстық файлды қандай әмірлердің көмегімен кірістіруге болады?
14. Қандай перне слайдтарды көрсетуді бастау әмірін орындайды?
15. PowerPoint бағдарламасы көрмесінің слайдтарын ағымдық слайдтан бастап көрсетуді қандай әмірдің немесе батырманың көмегімен іске қосуға болады?
16. Қандай перне PowerPoint бағдарламасы көрмесінің слайдтарын көрсетуді тоқтатады?
Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама жасағанда және т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді.
Содержимое разработки
Қармақшы аграрлы-техникалық колледж
Күні:________
Тобы:_______
директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі
Пәні: Қолданбалы информатика және өндірісті автоматтандыру негіздері
орынбасары:___________Ж.Сейталиев
Cабақ жоспары №__32___
Сабақтың тақырыбы:_____ PowerPoint бағдарламасы-мен танысу.
Сабақ/ оқу мақсаттары:
Білімділігі: ____ Оқушыларға PowerPoint бағдарламасымен жұмыс жасауды үйрету._________________
Дамытушылық: Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік : Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке,шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету
Сабаққа қажетті:
Оқулықтар/әдебиеттер «Инфоматикадан 30 сабақ». Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.,
Құрал-жабдықтар_____Сервистік және Paint бағдарламалар туралы плакаттар________
Сабақ/оқу барысы
Сабақ/оқу кезеңі
Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. . Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.
Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру
(үй тапсырмасын сұрау)
1. Компьютерлік желі дегеніміз не?
2. Ғаламтор дегеніміз не?.
3. Браузерлермен қалай жұмыс істейміз?
4. LAN (Local Area Network) дегенді қалай түсінесің?
Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру
PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.
Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама жасағанда және т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді. PowerPoint-тың негізгі міндеті — ақпаратты қабылдау және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.
Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Слайдтар әр түрлі қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады. Презентация жасау процесі өте күрделі. Себебі онда қолданылатын пакеттің мүмкіндіктері, презентация құруға бағытталған объективтік факторлар мен аудиторияның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескерілетін субъективтік факторларға ерекше көңіл бөлген жөн.
PowerPoint терезесінің құрылымы.
PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін Бастау- Бағдарламалар — Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз. Microsoft PowerPoint терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:
Тақырып жолағы- құжаттың аты және басқару батырмалары орналасады.
Мәзір жолағы- басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Слайдты көрсету» әмірі орналасқан.
Стандартты құралдар және Пішімдеу үстелі бұның басқа бағдаламалардан өзешелігі мұнда «Жасақтама» және «Жаңа слайд» әмірлерімен ерекшеленеді.
Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлер тобын қамтиды. Бұл суреттер салуға, эмблема жасауға мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.
Қалып күй жолы- құжат ақпаратын қамтиды, беттер санын көрсетеді.
Жұмыс аймағы- слайдтар жасауға, мәтін, сурет, диаграмма, клип, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ. 6- слайд
Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
PowerPoint-тың жаңа бағдарламасында өзгешеліктер:
Тақырып жолағында «Office» батырмасы орналасқан. Ол құжатты ашу, жаңа құжат құру, баспаға шығару, дайындау, жариялау, жіберу, сақтау командаларын орындайды. Бұл бағдарламаның мүмкіншіліктері өте зор. Мұнда «Жіберу» командасын алатын болсақ, автоматты түрде «Электрондық почтаға» немесе «Интернетке» автоматты түрде жіберуге болады. «Жариялау» командасы арқылы кез-келген бағдарламаға презентация автоматты түрде ауыстырылады. Және де бұл бағдарламада сақтаған кезде ескі компьютерде ашылу үшін 97-2003 форматын таңдау қажет.
Өтілген сабақты(материалды) бекіту
1. Бағдарлама артықшылықтарын тірек сызбалар арқылы түсіндіру?
2. PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік?.
3.бағдарлама не үшін қажет?
4. PowerPoint бағдарламасы туралы реферат жазып келі
Үйге тапсырма
«Инфоматикадан 30 сабақ». Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.,
Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау
Арнаулы пән оқытушысы: _________ Б.Боранбаев
Читайте также: